Өлең, жыр, ақындар

Шығар есік таппасаң

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 478
Ей, көңілім, қайғырма ағып өткен ай­жылға,
Қашан мұрттай ұшқанша табаныңды тайдырма.
Алма мойын алдында дайын тұрса иіліп,
Қылыш тисе қолына бас алады маймыл да.
Қара дәуді жыққанмен тауды қалай жығасың,
Жүре­жүре опасыз дүние сырын ұғасың.
Темір келі – тіршілік, құрыш келсап – заманың,
Тас болсаң да мап­майда талқан болып шығасың.
Сарай салып берсең де ешкім сені жақтырмас,
Кәрі мыстан қожайын қаптың түбін қақтырмас.
Арман деген қолыңда жылтыраған инедей,
Түссе қорда ішіне қопарсаң да таптырмас.
Алатаудан асқан күн Алматыға тоқтамас,
Жанға қысым келмесе момын мылтық оқтамас.
Төпелеген таяқтан миы аузына тұскен жұрт,
Өртке кетсін қара орман, есін жиып жоқтамас.
Айыра алмай бұл қазақ түбіт пенен қылшықты,
Иіре алмай сындырды зырылдаған ұршықты.
Атасының көріне қорқау түссін қарамай,
Өзі илеген көңіне өзі барып тұншықты.
Кімге керек сүлдерің қауқары жоқ сабандай,
Етегіңе сүрінсең, қасқыр ит кеп қабардай.
Шығар есік таппасаң, құрығаның қор болып,
Қараңғыға қамалып күркіреген қабандай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрегімнің қанаты бар

  • 0
  • 0

Көрдің бе, жүрегімнің қанаты бар,
Кім оған ұшам десе ара тұрар?
Қиырға қас қағымда тартып кетті,
Қос қанат самғау үшін жаратылар.

Толық

Аядым

  • 0
  • 0

Қара тайым тым жүрдек,
Желе аяңдап басады.
Тартсам дағы тізгіндеп,
Бой бермейді басы әлі.

Толық

Қара орман еді

  • 0
  • 0

Мінгенде тартып ат жалын,
Қара орман еді қапталым.
Найзағай түсе бастады,
Лапылдап сұмдық от­-жалын.

Толық

Қарап көріңіз