Өлең, жыр, ақындар

Кемпірқосақ

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 571
Жұмыр жерге қарап қойып қуанып,
Өткіншінің мөлдірінен су алып,
Шөлдемеген қой-ешкісін суарып,
Сұлу кемпір жүреді
Жарылардай жүрегі...
Жердегілер оған қарап күледі,
Қалың бұлттан шыққандай шын тілегі.
Елжіреткен қос әлемнің жүрегін,
Кемпірқосақ – жер мен көктің тірегі.
Пейіл және пиғылына қарамай,
Шашырайды түрлі-түсті сан арай.
Оны көріп қарттығына кейіген,
Бір кейуана қуанады баладай.
Ойына кеп қисыны жоқ сан айла,
Бір топ бала жүгіреді арайға.
Сұлу кемпір сан айлаңа қарай ма?
Қосақтарын сақтау үшін қалай да,
Өң береді одан сайын арайға.
Хас батырдың буындары босады,
Көрінгенде сол кемпірдің қосағы.
Шыға қалса шын перизат көрікті,
Тілін жұтып қояр еді бөрікті.
Кемпір дейді оны жұрт.
Кеңкілдейді нені ұғып?
Доға – болмыс дөңгелек жер секілді,
Көрген емес зорығып.
Кемпірқосақ – доға әлем,
Домалақтың жартысы!
Өз қолыммен бір ескерткіш соғар ем,
Жиіркенішті оған бірақ,
Жер бетінің тартысы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аспанды аңсау

  • 0
  • 0

Төңкерілген қазан сынды теріс қып,
Аспанымды аңсадым.
Бал мен уын жер бетінің бөлістік,
Ал мен бүгін у ішкеннен шаршадым.

Толық

Әжім

  • 0
  • 0

Көңіліңе қонақтаған,
Ол қандай кірбің еді?
Көзіңде неге сенің,
Үнемі мұң жүреді?

Толық

Бірдеңе

  • 0
  • 0

Уақыт және Кеңістік..
Кеңістікте ерегістік-керістік!
Біз секілді миллиард дене, мың дене
Кеңістіктен іздеп әлек бірдеңе!

Толық

Қарап көріңіз