Өлең, жыр, ақындар

Аялдай кет...

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 399
Өлдім демес ертеңіне сенген ер,
Туғаннан соң өле білу – ол да өнер.
Сусып түскен сақинадай саусақтан,
Сағым­ғұмыр сөнерінде дөңгелер.
Кісінеумен белдеудегі ат қалар,
Құлазумен төріңдегі тақ қалар.
Бір бұрқ етіп сенің соңғы тынысың,
Белгісіз бір бағыттарға аттанар.
Өкінішсіз кету қандай ғанибет,
Жүрегіңді сөнбес нұрға табиғы ет.
Құшағына мәңгі өмірдің кірерде,
Өз иесін тылсымдағы таниды от.
Жанарыңда елес беріп соңғы нұр,
Қиналады сені қимай сол ғұмыр.
Мұңлы дүние бас­аяғы баянсыз,
Күрсінеді мүсәпірдей сорлы бір.
Шешкеннен соң тірлік алтын шапанын,
Қара көйлек кигізеді апаның.
Топырағың сүйіп­құшар тебіреніп,
Күн сәулесін, таңның шұғыла­шапағын.
Қияметте сенен жауап кім алар,
Жер бетінде қалса барлық күнәлар?
Мұнда біреу рахатта жатыр деп,
Аялдай кет, ей, жолаушы, бірадар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ерлік дастаны

  • 0
  • 0

Жұмыр жер!
Айнала бер кіндігіңде,
Қарамас ойлы көзбен кім бүгінде?
Мына әлем – алып мұхит, сен – кемесің,

Толық

Сұрама

  • 0
  • 0

Сұрама руымды, қадірлі аға!
Көзімді ашып тұрмын қазір ғана.
Ойыңнан шықпай қалсам –
Өкінішті,

Толық

Арқаның желі

  • 0
  • 0

Ауылға келем араға жыл сап,
Самалы жұпар жібектей жұмсақ.
Арқаның желі,
Аңсадым сені.

Толық

Қарап көріңіз