Өлең, жыр, ақындар

Жесір

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 676
Жарын жоқтап зар қағады бір жесір,
Қаралыға қан жұтқызып тіл кесір.
Нұры шалқып нәзік әйел жанының,
Бұрынғыдай төкпейді енді гүлге сыр.
Қамығады қара түнек жамылып,
Жарқыраған ай мен күннен жаңылып.
Түн қойнында түпсіз терең кешеді ой,
Тұл тағдырдың төсегіне таңылып.
Оған енді бақыт күлмес ай қабақ,
Жесір жолы жүрген сайын тайғанақ.
Махаббаттың көрінбейтін сәулесі
Анда­санда кетсе болды аймалап.
Қайғы­қасқыр талап жесін тоқтыдай,
Жесір мұңын еститұғын жоқ құдай.
Сені сүйген еркекте не арман бар,
Түз құсындай, уа, тәкаппар, тектім­ай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Отан

  • 0
  • 0

Сүйем асау өзеніңнің ағысын,
Сүйем асқар тауларыңның тағысын.
Алпыс екі тамырымда тулаған,
Отан, өзің жүрегімнің қанысың!

Толық

Балқантауға айналды

  • 0
  • 0

Адастырған аспанның ашығында,
Балалық шақ, қайдасың, жасырынба!
Байқамаппын бақыттың өзі екенін
Тепкен добым, ойнаған асығым да.

Толық

Әке жұртында

  • 0
  • 0

«Іліндім құрығына кәріліктің,
Барады еті қашып кәрі жіліктің.
Шарлаған қазақ жерін қайран басым,
Түбіне түсерсің­ау құр құдықтың,

Толық

Қарап көріңіз