Өлең, жыр, ақындар

Алаяққа

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 333
(Абай ізімен)

Сол шіркін өзін қор деп санамайды,
Дүниеге түзу көзбен қарамайды.
Отырар ала қойды бөле қырқып,
Аядай ауыл-үйді алалайды.
Жерлесшіл-ақ, жікшіл-ақ, рушыл-ақ,
Тыныш жүрмес, пыш-пыштап, жыбыршылап.
Өндіргені жерде де, көкте де жоқ,
Бірін сыбар, өзгенің бірін сынап.
Мансаптыны маңайлап танысқыш-ақ,
Жағаласып жақсымен алысқыш-ақ.
Бірді алдап, бірді арбап, бірді қармап,
Шылбырдан ап, тізгінге жабысқыш-ақ.
Сөзі көпшіл келеді, ойы кекшіл,
Саудасын жүргізуге тым-ақ епшіл.
Диірменге тартсаң да бүтін шығар,
Өсегі, есебі көп, әрекетшіл.
Көлкектейді күштіге жалпылдап-ақ,
Айтақтаса аянбай арсылдамақ.
Сәлем бермес сен түгіл әкесіне,
Мансабы өссе, танытар салқын қабақ.
Болмаса да бойында бір өнері,
Жерді тесіп кетердей шіренеді.
Алдыңды орап, ор қазар алаяқтың,
Қу ермесе, қасына кім ереді?..

1975



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызығасың құстарға

  • 0
  • 0

Табанымның астында дірілдейді жар басы,
Опырылып түсердей шетін бассаң болмашы.
Тірлік торын тоқыған, қолы шебер Тәңірім,
Жібін созып жылдардың, сәл-пәл ғана жалғашы.

Толық

Дәурен­-ай!

  • 0
  • 0

Самғаған аспанында сар даланың,
Сағындым бозторғайдың салған әнін, дәурен­ай!
Еркіңе бағынбас,
Асау арман­ай!

Толық

Төрт амал

  • 0
  • 0

Уақыт күйін кім солардай шерте алар,
Тылсымдарға кім төтеден жол табар?
Дүниенің төрт бұрышы секілді
Бар ғылымның түп атасы – төрт амал.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер