Өлең, жыр, ақындар

Тер болып киген сырт көйлек

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 358
Тер болып киген сырт көйлек,
Тербеліп көңіл – көк орман,
Ай туар шақта сүттей боп,
Айтылар шақта көп арман;
Түндіктер түгел жабылып,
Ошақтың оты сөнгенде,
Шыдатпай жүрек жабығып,
Шыққанда жырға серуенге;
Шабыттың жүзін қабарған,
Көншітпей жатса шық басып,
Құса боп көптен қамалған,
Кеудемнен, ойлар, шық қашып!
Қашыңдар түпсіз тереңге,
Болмаса тауға, ти тасқа.
Өрт болып сабан өлеңге,
Қауқарсыз қауыз ұйқасқа.
Қашыңдар тіпті қиянға,
Жондарға бөкен жортпаған.
Айтыңдар көңіл қиялға
Перінің қызын жоқтаған.
Қашыңдар қара түндерге,
Тауларды көзден ұрлаған.
Тамыңдар шешен тілдерге,
Тамыза майын жырлаған.
Шақырған жын мен сайтанды,
Сабырсыз жанды сүймеңдер.
Салдақы мен сайқалды
Шашынан алып сүйреңдер.
Жөніне кетсін сұм біткен,
Жақсыда қандай құны бар?
Дүниеде мынау дүрліккен
Дертіңді сенің кім ұғар?
Сезімім сеңдей сенделді,
Досым бар, қанша қасым бар.
Жұбата алмасам сендерді,
Менен де аулақ қашыңдар.

1971



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жан жарым

  • 0
  • 0

Сертіңнен айнымастан,
Сыңарым Тәңір қосқан.
Аққудай таранасың,
Айдынға бауыр басқан.

Толық

Дәурен­-ай!

  • 0
  • 0

Самғаған аспанында сар даланың,
Сағындым бозторғайдың салған әнін, дәурен­ай!
Еркіңе бағынбас,
Асау арман­ай!

Толық

Уа, Дариға

  • 0
  • 0

О, сұлулық, сені іздеумен шөлдегі,
Қаңсып қалды жүрегімнің шөлмегі.
Тілді сорған таңдайымды қайтемін,
Тамшы судан - шөлдегеннің өлмегі.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер