Өлең, жыр, ақындар

Пана болмай кеңселер

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 271
Пана болмай кеңселер,
Қалды сонау жолымда.
Бес-алты ауыз ел сенер,
Сөз қалсын деп соңымда.
Мен де жүрмiн мұрат қып,
Ойшылдайын толғанып.
Жазықсызды жылаттық,
Жетесiзден қорғанып.
Адамның жоқ жаманы,
Басқың келсе дауды егер.
Жүрiп тұрған заманы,
Алшаңдайды саудагер.
Жолатпады қасына,
Балға батқан бармағы.
Iс түскенде басыма,
Бiр досым да қалмады.
Әурелеме босқа елес,
Құдай менi қысқанға.
Опасыз сол досқа емес,
Ыразымын дұшпанға.
Құлын байлап, қозы алған,
Бұрынғы ауыл... ойланам.
Жаратылдым тозаңнан,
Топыраққа айналам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалған сезiм

  • 0
  • 0

Жалған сезiм,
жалған достық,
жалғандық...
Шемен болып көкiрегiмде қалған дақ.

Толық

Қабырғаның ар жағында сен жаттың

  • 0
  • 0

Қабырғаның ар жағында сен жаттың,
Қабырғаның
бер жағында мен жаттым.
Сенi-дағы тербетедi бекзат түн,

Толық

Қара қайғы соқ

  • 0
  • 0

Қара қайғы соқ,
соққыла жындана,
Маған серiк сен емессiң, мұң-нала.
Ататекке иттей адал ит жылғы,

Толық

Қарап көріңіз