Өлең, жыр, ақындар

Қол бұлғап қалды артымда

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 233
Қол бұлғап қалды артымда
бозбала кездiң аспаны,
Алыстап кеттi-ау ақырын
махаббат дәурен дастаны.
Көзден кетсең де
көңiлден кетпей бiр қойдың қайтейiн
Алматы жақта кездескен
бала қыз он бес жастағы.
Үзiлмей тұрған үмiттiң
сәулесi суда ойнаған,
Қаратау қартпен айбынды
Алатау болып ойланам.
Досым деп бiлем сендердi
өткен-кеткенге қарамай,
Жердегi барлық адамдар
адалдықтарын жоймаған.
Төредей ойлар төбеден
туған бiр жаңа айға ұқсап,
Өткен түн кеттi көңiлге
бал дәурен шақтай қайғы сап.
Жалғанның жалған екенiн
бiлетiн досым аңқылдап,
Кездескен сәтте сызданбай
бiр жүрген кездей жай құшақ.
Қайғысын жүрмiн көтерiп
осынау сырлы ғаламның,
Бiр сәуле көрдiм көзiнен
өзiмнен туған баламның.
Жүрегiм қан боп жылады-ай,
қымбатым едi жалғанда,
Үлгiлiдегi* қалқиған бейiтi ғазиз анамның.
Төбемнен өттi түстiкке
тiзiлiп қанша тырналар,
Жабықсаң жалғыз бауырым,
жылқышы аққан қырға бар.
Есiнде қалмай ешкiмнiң
елес боп кетсем бiр күнi,
Есiңе ал менi жалғаңда,
асыр сап өскен жылғалар.
Перзентi едiм мен-дағы
сағымы жүзген даламның,
Тырнама бетiн бауырым,
сыздап бiр тұрған жарамның.
Есiңде қалсам қаламмен,
қызғалдақ өскен Күреңбел,
Құдiретiмен жыр жазған
қағаз бен мынау қаламның.
Есiрiк жылдар серiк боп
ешкiдей жалтақ ептiге,
Жанарым талды-ау кеткен мен
өткендер жаққа көп тiге.
Түтiп жегелi тұрғанға
тентек ұлыңды өзiңнiң,
Тектi жер, тектi топырақ,
бермессiң түбi тепкiге.
Өзiңде өскен елiктен
сырларын бүккен ормандар,
Мен құсап әбден сағынып,
бәрiне шыдап болғандар.
Бiздiң ғұмыр бұл сарғайған
желге ұшар сары жапырақ,
Жапырақтарыңды соғатын
қара дауылдан қорғаңдар...

*Үлгілі - ауылдың аты



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Теміртау түні

  • 0
  • 0

Жарқылдаған сырғаң-ай,
Толықсып бiр туған Ай.
Темiртауда кездестiк,
Жаным саған,

Толық

Төрт мезгіл

  • 0
  • 0

Мына жолдар барады алып көктемге,
Ешқашан да оралмайды ол өткенге.
Жете сала өте шығар жазды iздеп,
Мұратына бiздей ол да жеткен бе?

Толық

Ақын ағаға сыр

  • 0
  • 0

Сарыарқасына сыймай бiр өткен,
Иманжүсiптей қайраттым,
Арыстан бабтай айбаттым.
Маңғыстаудағы қатептi қара нар болсаң,

Толық

Қарап көріңіз