Өлең, жыр, ақындар

Еске түстi...

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 272
Еске түстi ертегi апам айтқан баяғы,
Менiң өмiр сапарым жер ортаға таяды.
Тiрлiк болды, бұл өмiр ештеңе де ұтпайтын,
Қайран анам, жан анам, бiр сәт естен шықпайтын.
Ескi бейiт, ескi ауыл, кеткем бәрiн қалдырып,
Иiнағашпен су алып, иығыңды талдырып.
Қара көзiң жасаурап жолға қарап тұрдың ба?
Алма ағаштың түбiне, текеметтi төсетiп,
көрпешеңдi салдырып.
Қия алмадым қайтейiн
Алматының жаңбырын,
Маңдайыма жазылған дәл осылай тағдырым.
Ассалаумағалайкүм, ей, тәкаппар қарлы шың,
Әкем бата берерде, анам айтқан баяғы,
Ғайыперен қырық шiлтен, шылауымда бармысың.
Бос болмаса шынында бүгiн менiң шылауым,
Ендi қалған ғұмырда мүмкiн емес жылауым.
Әлдекiмнен әлдене мүмкiн емес сұрауым,
Маған да ептеп ауысты-ау шашыңдағы қырауың.
Қара өлеңмен ауырған, қара балаң баяғы,
Солатұғын қырдағы гүлдердi де аяды.
Қайырылмаған артына қайран анам, жан анам,
Менiң өмiр сапарым жер ортаға таяды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кездемедегі кинолар мен Рахила қыз жайлы жыр

  • 0
  • 0

Cап-сары боп өңiрге келетiн күз,
Күздей сұлу клубқа енетiн қыз.
Сол жылдары киноны дуалдарға
Кездемеден iлiнген көретiнбiз.

Толық

Күреңбел

  • 0
  • 0

Есiмде
Күреңбел қырлары,
Беймаза жылдарым зырлады.
Ол кезде бозбала ақын едiм,

Толық

Қараша үйден

  • 0
  • 0

Қараша үйден
күй аңдып,
Отырған қалды-ау мезгiл де.
Биледi бойды ұяңдық,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар