Өлең, жыр, ақындар

Өңменімнен итерді өмір мені

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1754
Өңменімнен итерді өмір мені.
Өтіп сен де барасың бұла дәурен.
Сіздікі де жай ғана көңіл ма еді?
Жапырағың жалғанбас жылағанмен.
Назым, сенің білгенмін өтпесіңді.
Жазу еді ол мына сор маңдайдағы.
Жеткізем деп қайтемін-жетпесің тұр.
Уыты бар сол удың таңдайда әлі.
Күлкім, сені күледі өзге біреу!
Күмбезді де көрмеуге көндігемін.
Күнә болар дәл мені төзбеді деу,
Армандайтын не қалды енді дедім.
Аспан! Сені бекерге тілдемедім.
Ар жағыңда не барын көрген емен.
Жарасам деп қажетке жүрген едім,
Су қадірін біле ме шөлдемеген?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дұға

  • 0
  • 0

Білмеймін, кімнің дұғасы қандай,
Өмірді сүйдім сен бар деп.
Сенемін және шын асыл Айдай
Өзіңнің жолың болғай деп.

Толық

Еркелеп тұрмын...

  • 0
  • 0

Көрінбедің деп жазғырма,
Мезгілі кеткен наздың да.
Батқан да Күнге сыр айттым,
Айта алмаған соң азғынға.

Толық

Өмір - елес, елеске алданамын

  • 0
  • 0

Өмір - елес, елеске алданамын.
Алданбасқа айтсаңшы, бар ма амалым?
Суға кеткен адамдай, өлеңім -тал,
Жағаға шығарар деп қарманамын.

Толық

Қарап көріңіз