Өлең, жыр, ақындар

Барлаушы – мен

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 423
Майын алмай,
сықпа қып
Жасаған, еһ,
құрт қандай?
Аузымыздан су ағып,
Жүйкелетiп құртқандай.
Ши сөренiң үстiне
Оны жайып қоятын.
Сездiрместен ешкiмге
Күн туар ма тоятын?!
Үш-төрт бала келiсiп,
Сол құрттарды аңдыр ек.
Сəтi түссе бөлiсiп,
Тамсанар ек «дəмдi», – деп.
Құртты қашан жаярын,
Барлаушымын, бiлемiн,
Қай мезгiлде қоярын –
Бақылап та жүремiн.
«Əкел деймiз
көп алып,
Нар тəуекел еткесiн».
«Ал мен кеттiм», –
деп алып,
Терiс киiп кепкесiн,
Тамға Айдар шығады,
Қарауылға мен тұрып.
Дəл мысықша бұғады,
Етпеттеп ол ентiгiп.
Қалған бала бұқпалап,
Тосып тұрар бұрышта.
Құртты алған соң тықпалап,
Бөлiсемiз туыстай.
Қалтамызға толтырар,
Сары құрттың дəмi бал.
Қарауылға мен тұрар,
Өзiнше оның гəбi бар.
Амал,
Айла
Көп ебi,
«Барлаушының» – бiрiмiз.
Бiздiң үй ғой, себебi,
Құрт ұрлайтын үйiмiз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Демалыс күні

  • 0
  • 0

Жексенбi де кеп жеттi,
Əр демалыс сайын бiз
Өзiмiзге мiндеттi
Iстi iстеуге дайынбыз.

Толық

Мiне, жiгiт!...

  • 0
  • 0

Тай əрi де тулады,
Тай берi де тулады.
Көрiп тұрған балалар
Дедi: – Əне, құлады.

Толық

Қақ суы

  • 0
  • 0

Жаңбыр жауды...
Қақ тұрды...
«Iшпе оны, лай су», – деп,
Сиырға тас лақтырды,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар