Өлең, жыр, ақындар

Қапшағайда

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 413
Үйренем деп малтуды,
Мен уəде бергенмiн.
Атақ-даңқы айтулы
Қапшағайға келгенмiн.
– Ең оңайы емес пе?
Сүңгу деген, тəйiрi? –
Деп қалыппын мен «еспе»,
Бiлмей анық байыбын.
– Ал қараңдар, əзiрлен,
Сағаттарың болса егер,
Сүңгиiн бiр, қазiр мен
Сүңгiр екем қанша жер?
Мөлдiр суға балықша
Жүзiп кету – арманым.
Жүгiрiп кеп барынша
Сүңгiп келiп қалғаным.
Бiтiп қалды құлақ та,
Сүңгiдiм бе өндiртiп.
Ұзадым деп жыраққа,
Шыға келдiм дем бiтiп.
Мəз болып тұр ел күлiп,
Қимай маған мақтауын:
– Тұрды, – дейдi, – көрiнiп
Су бетiнде арт жағың.
Қатырдым деп санасам,
Болыппын мен келеке.
Жаға жаққа қарасам,
Ұзамаппын мен өте...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

«Романист»

  • 0
  • 0

– Жатқа айтшы бiр өлеңдi, –
Деп көпшiлiк сұраған.
– Ересекпiн мен ендi,
Оқимын тек роман, –

Толық

Мың сөз

  • 0
  • 0

Кiм қойды екен жазалап,
Жалғанда тiлi ұзын-ды.
Бiз бiлетiн Азамат,
Бiр-ақ күнде бұзылды.

Толық

Неге тар?

  • 0
  • 0

Киiп едi Өтеулi,
Былтыр тiккен жейдесiн.
Шолтиып жең, етегi,
Қысып тұрды кеудесiн.

Толық

Қарап көріңіз