Өлең, жыр, ақындар

Күрес

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 451
Бiреу айтты:
– Қайраттың
Бойы тапал демесең,
Талайларды жайратты,
Күшi көп, – деп, – ересен...
Бiреу айтты:
– Ыңғайы.
Қара күштен пайда жоқ,
Күрескенде жығады,
Болса кiмге айла көп.
Айтсам егер,
Мысалы,
Қайрат бiзге таныс қой.
Жыға алмайды ол Мұсаны,
Мұса деген əдiсқой.
Мен ит болып кетейiн,
Жығылмайды ол тiрессе...
Сөйте-сөйте екеуiн
Айдап салдық күреске.
Қайрат шықты кiжiнiп:
– Көрсетемiн қазiр, – деп.
Мұса шықты қызынып:
– Оған мен де əзiр, – деп.
Ұстасып кеп қалысты,
Жiбермеуге намысты.
Аяқтарын шалысты,
Жатып келiп алысты.
Қарап тұрсаң,
Қайратты
Арыстандай айбатты.
Қарап тұрсаң,
Мұсаны
Жолбарысқа ұқсайды...
Мұса iшке енiп емiнiп,
Қалған едi бұлт етiп.
Қайрат жатты көмiлiп,
Қою шаңға бұрқ етiп.
– Мұса мықты!!!
– Жарады!
Деп үйдi-үйге тарадық.
Ал, Қайрат ше?
Мұсаның
Соңына ерiп барады.
«Жықпай қойман мұны мен,
Жығамын, – деп, – күресiп...»
Мұсаның ол күнiмен
Соңынан жүр iлесiп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарап тұрсам өзім

  • 0
  • 0

Ауламыздың iшi
Қызыққандай кiсi:
Былтырғыдай биыл
Бұзаулады сиыр,

Толық

Лəңгiлiк қыл

  • 0
  • 0

Лəңгiлiк қыл iздеп,
Күнiмен сабылды.
Кешке қойлар келгесiн,
Бiр амалы табылды.

Толық

Асқар мен кимешек

  • 0
  • 0

Бұл қылығын бiлмесек,
Асқарға бiз күлмес ек.
Ол ұнатпас киiмдер –
Күндiк пенен кимешек.

Толық

Қарап көріңіз