Өлең, жыр, ақындар

Тасқа жанып төзімді

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 237
Тасқа жанып төзімді,
Тауға соқтым басымды.
Көрген кезде өзіңді
Көрсетпедім жасымды.
Ынтызарым бір сенде,
Ессіз-түссіз берілдім.
Сүйгенімді білсем де,
Сүйкімсіздеу көріндім.
Өшіп барып бір үміт,
Байқамадым жанғанын.
Кеткеніңде сүрініп,
Демеу бола алмадым.
Мына менде мол кінә,
Қызығыма құм аттым.
Күлдірудің орнына
Қайта-қайта жылаттым.
Көрсетсем де көп азап,
Жүре бердің көріп құр...
Бәрі бүгін,
О, ғажап!
Керісінше болып тұр.
Айрылдым да еркімнен,
(Туды маған басқа күн).
Ақылыңмен, көркіңмен
Байлап-матап тастадың.
Махаббаттың зәріне
Уланатын кезім бұл.
...Көндім, төздім бәріне –
Өлтірсең де, өзің біл!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арылмақ емес, сірә, еш күнәдан

  • 0
  • 0

Арылмақ емес, сірә, еш күнәдан,
Білмейді кешіруді кекшіл адам.
Үйренген оқып-тоқып пысықайдан
Мың артық оқымаған ескі надан.

Толық

Қаладағы қарағайлар

  • 0
  • 0

Қаладағы қарағайлар,
Келесіңдер ғұмыр-бақи
Шаң жұтып,
Кездерің көп даланы ойлар,

Толық

Көп қудым қызық думанды

  • 0
  • 0

Көп қудым қызық думанды,
Артымда айқай шу қалды...
Естінің сөзін ескермей,
Еледім өсек, сумаңды.

Толық

Қарап көріңіз