Өлең, жыр, ақындар

Маңғыстау - ән мекенім

  • 25.11.2015
  • 1
  • 3
  • 10501
Курстастарыма

Маңғыстау - маң мекенім,
Жүрегімнің түбіне жасырынған
Сезімдей. Ұсынып бал-шекерін-
Жанымда тасынуда ән.
Бұйрат құмдар - суретіндей,
Үлпілін әлде дірілін бейнелеген
Самалдың. Ие бермей жүгіретіндей
Баладай ес кірмеген жейдеменен.
...Кештері - дәм секілді таңдайдағы
Тамсанып, қоя алмастан жұтынасың.
Халқымның жұлдызындай маңдайдағы
Қарт Каспий - қарайтындай құты тасып.
Қаратау... көпті көрген шығар алаң.
XXI ғасыр тұр, екпіндемек.
Құм іші солқылдаған мұнаралар,
Жазығын сұрадың ба көптің не деп.
Өз керегін өзіңнен табады әркім,
Маңғыстау, сеніменен ақ тілегім.
Өрлік пен ерлік салты, дана халқым.
Қойныңда қалып бара жатты сенің...



Пікірлер (3)

СИДЕКОВ СЕРІК АМАНКОСҰЛЫ

АЙСҰЛУ--есімің қандай керемет.
Ақындыққа шасапсың бір әрекет.
Жүрек таза ойларың да тамаша.
Ондық өлеңің келсе қолдан жүздік ет.

Жандос

Рахмет

ЖАСМИНА

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Бақыт күлсе есіктен...

  • 0
  • 0

Үндемей ме түн тылсым
Талмаусырап тұр қабақ.
Сағы дей ме бір сынсын,
Кетті ойларым - сырғанақ.

Толық

1997 жыл

  • 0
  • 0

Жаратқан ием, тарылмай таңғы
Нұрын себеді. Тістенбе.
Жүрегім қалай жарылмай қалды
Аспаным Жерге түскенде?

Толық

Күлсем күлдің.

  • 0
  • 0

Күлсем күлдің.
Күн де сүйді. Түн тұйық.
Қараспан тау
Қақырайды жыласам.

Толық

Қарап көріңіз