Өлең, жыр, ақындар

Қанатты қазына

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 230
Қала бұл кең даладан кен іздеген.
Қала бұл байлығы тең теңізбенен.
Бір кезде жүрген жерде өгізбенен,
Зулайды сансыз состав поезбенен.
Тұр Арқалық
Танытып дара тұлға,
Жыр болып,
Шабыт болып
Бар ақынға.
Қазынасы – домна пештерінде,
Қазынасы – самолет қанатында.
Ықыласын ылдида
Ырғыз ұққан.
Шалғайда
Шалқар ұққан.
Алғыс ап бар халықтан,
Тыңдадым талай рет
Деген сөзді:
«Самғаған қырандардың
Сан мыңы Арқалықтан».
...Дала жым-жырт
Қойнынан
Қызыл күңгірт
Тас табылып,
Поездар қорабына
Ақтарылып.
Жөнейді заводтарға,
Оранып ақ оттарға,
Ал сонан соң
Бір әппақ құсқа айналып,
Дүниенің төрт бұрышын ұшты айналып.
Қарағанда қызығып дала мына,
Қонады қыран болып
Алматы,
Арқалық,
Аэропорт алаңына.
Қашаннан қасиеті кемімеген,
Өзгеше өңірі – жыр, өмірі – өлең.
Ұшырған ақ құстарын аспанына
Арайлы Арқалығым,
Келемін бірге жасап сеніменен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құпиясын орап-шымқап түн жатыр

  • 0
  • 0

Құпиясын орап-шымқап түн жатыр,
Кештің түйткіл күйбеңі де тынды ақыр.
Жас келіншек баласымен төргі үйде
Аунақшыса – аунап барар кім батыр.

Толық

Көкшетауым

  • 0
  • 0

Көкшетауым!
Көкшетауым – көріктім.
Көпке дейін көрмей кетсем зеріктім.
Жүрегімді ашып көрсең сезер ең

Толық

Арал мен Балқаш арасы

  • 0
  • 0

Арал мен Балқаш арасы –
Көзімнің ағы-қарасы.
Жабырқау – жадау жанымның
Жазылмай жатқан жарасы.

Толық

Қарап көріңіз