Өлең, жыр, ақындар

Нұрқан көшесінде

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 215
Әуелден қанық едім осы есімге,
Сақталған жұрт жүрегі, дос есінде.
Кеудемді ашып тастап, желге беріп,
Нұрқанның жүріп келем көшесінде.
Білді ме, ақын мұны білмеді ме,
Жанымның бәйшешегі гүлдеді де.
Тұратын бұл көшеде әрбір үйдің
Түн бойы ілінбейді ілгегі де.
Нұрқанды есіне алар ел өкінбей,
Қалтқысыз оған және сенетіндей.
Жаюлы әрбір үйдің дастарқаны –
Жарқ етіп ақын жетіп келетіндей.
Жетектеп алға қарай қызық арман,
Бұл жерде Нұрекеңнің ізі қалған.
Торғайдың мақпал торы топырағынан
Жалықпай жыр маржанын сүзіп алған.
Алғандай дәл осы бір дала тыным,
Өтпеді-ау өзіңменен дара түнім.
Білмеді-ау қайран ақын кейін бір кез
Өзінің көше болып қалатынын.
Мен соны ойлаймын да қайғыланам,
Жаныма жырдан үлес, байлық алам.
Әрқашан ақындықты ақын тұту –
Заңы ғой табиғаттың айнымаған.
Ардақтап аруағыңды халқың неше,
Бас изеп, ниет етіп, мақұл десе.
Тебіреніп жыр толғайды, сыр тыңдайды,
Қосылып елмен бірге ақын көше.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Танысқалы көп болды

  • 0
  • 0

Танысқалы көп болды,
Табысқалы...
Жүрегімді бір сезім жаныштады.
Құшағымнан кетпеші,

Толық

Ақ махаббат!

  • 0
  • 0

Ақ махаббат!
Қашаннан Кием едің,
Саған деген таусылмас сый-өлеңім.
Қиналғанда қан жұтып,

Толық

Жалғыз ауыз сөз

  • 0
  • 0

Бәрін бірдей көру мүмкін көзбенен,
Бәрін бірдей сезеді ғой өз денең.
Бар әлемнің жүрегінің тынысын
Айтып берсем жалғыз ауыз сөзбенен.

Толық

Қарап көріңіз