Өлең, жыр, ақындар

Алаңға шық, ағайын!

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 246
Көшеде,
Тар қуыста – қалтарыста
Тақаспа, тайталаспа, арпалыспа!
Ағайын, абыржымай Алаңға шық,
Айтуға Ақиқатты арқа қызса.
Халқыма қайғы, реніш, мұң келерде,
Болмайды ойға – қысым, тілге – керме.
Ағайын, алдыменен Алаңға жет,
Алқынып сөйлеу үшін мінбелерде.
Тудырса тыныш күнде заман қайғы,
Айтуға – Елің, Жерің, Далаң жайлы.
Айтуға Ар-намыстың ақтық сөзін
Адамзат Алаңына алаңдайды.
Емес ол ескі базар, би алаңы,
Үлкен Үй – Үкімет Үй зиялы әлі...
Айтуға ақиқатты күн келгенде
Ел-жұрттың басын қосар қиядағы.
Тудырар мың күн қырсық бір күн егес,
(Жөні жоқ айқайлаудың жыртып өңеш).
Алаңда адал сөзді айту үшін
Рұқсат берілмеуі мүмкін емес!
Жүректің орын болмай сызатына,
Түспейік өкініштің біз отына.
Алаңда әділеттің туын тігіп,
Әмәнда жол бермеңдер бұзақыға.
Өртеніп от түскенде өзектерге,
Тек қана әділдікті сөз еткенде.
Алаңға андағайлап тартады жұрт
Намысы шыдатпаған мезеттерде.
Бірлесіп, қол ұстасып қадам басып,
Көрсетіп көңіліңді адал, ғашық.
Тағайын тілегіңді айту үшін,
Ағайын!
Алаңға шық, Алаңға шық!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дауылдай алып соқпа сияқты үміт

  • 0
  • 0

Дауылдай алып соқпа сияқты үміт,
Жүрсең бір жанталасып, жиі аптығып.
Көтерсе кейде өзіңді заңғар көкке,
Тастайды кейде өзіңді ұятты ғып.

Толық

Қар жауды да

  • 0
  • 0

Қар жауды да,
Қыс болды бір-ақ күнде.
Жаз дегенің жоғалды жырақ мүлде.
Көктемнің де төбесін көрсетпеді,

Толық

Жұматай, жан Жұматай!

  • 0
  • 0

Жұматай, жан Жұматай, ақын досым,
Жыр сүйген жұртың қалай жатың болсын.
Жалт еткен қарлығаштың қанатындай
Бұл сырым саған жазған хатым болсын.

Толық

Қарап көріңіз