Өлең, жыр, ақындар

Қызыл көйлек

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4262
Күндерді сонау ойша кезгенім
Көлегейлесе жүзімді өзге мұң.
Бірге жүргенде айтушы ең ылғи
Ұнайды деп те қызыл көйлегің.
Тырыспасам да ұнауға саған,
Жылағым келсе жылай да салам.
Қызыл көйлекті қыз кездесті ме,
Ол дағы мендей ұнай ма саған.
...Бұл күнде бәрі басқаша ,жаным.
Жанарымды сан жасқаған жалын.
Кигім келмесе қызыл көйлекті
Өзіммен қалай қастаса аламын.
...Өтті дегенге сенгім келмейді.
Өзгенің бағына төнгім келмейді.
Есіме сені сала бергені үшін
Қызыл көйлекті көргім келмейді.
Салып жүргенде тірлігім тезге мың,
Расқа айналды сенгенім, сезгенім.
Қызыл көйлектің, білмедің ,бірақ
Бейнелеп тұрғанын бақытын өзгенің...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлттар, мені биікке алып ұшшы...

  • 0
  • 0

Бұлттар, мені биікке алып ұшшы.
Өксік буды жүректі жалынышты.
Түпсіз көкке қараймын, қайда қоям
Тыншытпаған бір сәтке сағынышты.

Толық

Үзіліп кетті шектерің

  • 0
  • 0

Үзіліп кетті шектерің,
Күңіреніп күйің төкпедің.
Өзіңе қарап өртендім
Жазбауға дәтім жоқ менің!

Толық

Ұйқымды ұрлап, мазамды алған не білмен

  • 0
  • 0

Ұйқымды ұрлап, мазамды алған не білмен,
Бәйге атындай арбаларға жегілген.
Тәнім көніп, жаным көнбей жыбырға,
Жүрек, ойым тіршіліктен жерінген.

Толық

Қарап көріңіз