Өлең, жыр, ақындар

Қуаныштан көңілдің мұңы басым

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 368
Қуаныштан көңілдің мұңы басым,
Барған сайын бақытқа құнығасың.
Ғұмыр бойы жүргенің күн-түн қатып
Толтыра алмай тірліктің құмырасын.
Кедейліктен байлықтың мысы басым,
Қолда барды аямай ұсынасың.
Қасыңдағың аста-төк боп жатқанда
Қарап тұрып құрдан-құр қысыласың.
Басқа қыздан сұлудың көркі басым,
Көрсең бітті көңілдің еркін алсын!
Ерегескен дұшпанға ерік бермей,
Ақ семсердің ұшында серті қалсын.
Шын ақынның басқадан сөзі басым,
Шабыттанған, шаттанған кезі басым.
Бірі – Мағжан, біреуі – Мұқағали,
Өзі – Абдолла, әркімнің өзі Қасым.
Құр айғайдан әншінің сөзі басым,
Жанға – қуат, бойға – күш, азық алсын.
Жүректерден жүрекке жеткізді олар
Шашпай-төкпей халқымның қазынасын.
Бізден басқа халықтың сапы басым,
Деген сөз бар «Сыйламас – танымасын».
Дәстүрімді, салтымды сезбеген соң,
Қан жұтасың,
Қайғырып, қамығасың!
Басым,
Басым,
Бәрі де басым, басым.
Ақиқатты жүрегім жасырмасын.
...Әлдеқандай әңгүдік қамшы үйіріп,
Менің момын халқымды басынбасын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жоғалған жүзік

  • 0
  • 0

Өндір жігіт
Өртенбей от ерінге,
Қимастықпен туған жер – мекенінде,
Мойнындағы міндетін ақтау үшін

Толық

Жайлау жыры

  • 0
  • 0

Жамылса көк пүлішін анау қырлар,
Бұл күні көмей түгіл, танау жырлар.
Сапырылған сары қымыз сарынымен
Жай ғана әндетеді самаурындар.

Толық

Сең

  • 0
  • 0

Көкше мұздың көкірегі қызынып,
Сере қарыс сең жарылды бұзылып.
Мен қарадым алқам-салқам өзенге,
Тереңдіктің тебіренісіне қызығып.

Толық

Қарап көріңіз