Өлең, жыр, ақындар

Сарыжайлау

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 267
Күйіңді шерт, кәні, Сайлау,
Күмбірлете салшы бір.
Көз алдымда сары жайлау,
Көз ұшында малшы жүр.
Жүрегімді қолыма алып,
Мен де солай жүгірдім.
Мына ақбоз үй толы халық
Күйін тыңдап Сүгірдің.
Келгендей-ақ заман ақыр,
Қылыш ойнап желкеде.
Шымырлатып бара жатыр,
Жүрек қылын шерте ме?..
Бірде жылы үн қатқандай,
Бір перизат таңданып.
Бірде мәңгі күн батқандай,
Жаңбыр жауып, қар жауып.
Тәтті сезім жетелейді,
Далаға ма, үйге ме?!
Өте сылқым, өте ойлы
Құйқылжыды күй неге?
Тамам халық егіледі,
Асау күйлер бас бұзар.
Неге шектен төгіледі
Осыншалық ащы зар?!
Жұбатардай дерт көңілді,
Жұмбақ болып ой терең.
Шымырлатып шертпе күйді,
Шертпей қойсаң қайтер ем?!
Күйіңді шерт, кәні, Сайлау,
Күмбірлете салшы бір.
...Көз алдымда сары жайлау,
Көз ұшымда малшы жүр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы өлең кімге керек?

  • 0
  • 0

Жоқ сияқты бұдан басқа жұмысым,
Осы өлеңді жазып жүрмін кім үшін?
Соны ойласам өртенеді өзегім,
Соны ойласам тарылады тынысым.

Толық

Кемеңгерім – Кенекем!

  • 0
  • 0

Қамал бұзған қаһарман,
Абылайдан бата алған.
Қам жасаған қазағын
Қалдырмауға қатардан.

Толық

Қызғандым сені

  • 0
  • 0

Қызғандым сені –
Жанардан көшкен бау-бақтан.
Қызғандым сені –
Самалдан ескен тау жақтан.

Толық

Қарап көріңіз