Өлең, жыр, ақындар

Күнделік

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3366
Жұбатсын сені кім келіп?
Біз бөлек өмір сүрмедік.
Қеудемде қалып бір әнің,
Өлеңмен жаздым күнделік.
Тола ма көңіл нұрға лық.
Ал, кейде мүлдем құр қалып.
Шырмауық ойға шырмалып,
Отырып қалам сұрланып.
Қоңырау күнім, жаңғырғай!
Сан күйге тілді салғызған.
Тапсырам, халқым, өзіңе
Жанымда кірбің қалдырмай!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүйдім өмірді сыртынан

  • 0
  • 0

Күн тұман.
Сүйдім өмірді сыртынан.
Ішімнен өртеніп
Жүзімнен құлпырам.

Толық

Поезда

  • 0
  • 0

Қай тұс деймін, қай маңай?
Өттік қанша бекеттен?
Көтерілді солғын Ай,
Шығып еді етектен.

Толық

Терезеде телміреді бір сәуле

  • 0
  • 0

Бұлданумен болған сынды Күн де әуре,
Қолға түспес арман бардай көксейтін.
Терезеде телміреді бір сәуле
Кіре алмаған жарыққа мен не істеймін?

Толық

Қарап көріңіз