Өлең, жыр, ақындар

Күнәһар болар ма екенмін

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1754
Күнәһар болар ма екенмін
Қызуын сезбей күнгейдің?
Ниеті түзу бөтеннің
Жақынымын ба - білмеймін.
Көбірек мұңым күлкімнен,
Досым да, білем, аз ұқты.
Жаным да ащы жыр тілген
Нәзіктігінен жазықты.
Сүлесоқ қалдым , аңдасып,
Ойлардан қызыл от көсеп.
Өтер ме ғұмыр жалғасып
Түсініп ерте кетпесек.
...Өлеңге қайғы шектірген
Көп күнім босқа кетті шын.
Өзімнен ғана деп түйгем
Өмірдің көрсем тепкісін.
Түнеріп аспан әлемім,
Беймезгіл жұлдыз жиі ақты.
Сарайым ішкі , әдемі
Өртеніп кеткен сияқты...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көзге әдемі көрінеді, гүл ыстық.

  • 0
  • 0

Көзге әдемі көрінеді, гүл ыстық.
Үндемей ақ біз екеуміз ұғыстық.
Жалғыз қалып осы сәтті күтемін,
Ой екеуміз. Тыныштық.

Толық

1995 жыл

  • 0
  • 0

Жұрт ұйқыда,
Қалың ұйқы құшағы.
Сағат тық-тық,
өтіп болмас, үш әлі.

Толық

Жақсы сөз...

  • 0
  • 0

Жақсы сөз, сенің жалғыз тыңдауда емің.
Тыңдаса сымбатты да, сындарлы едің.
Ұшқан құс саған деймін ұқсайды ма-
Төбемнен ағып өткен жылдар легін?

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар