Өлең, жыр, ақындар

Көше лайсаң

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1636
Көше лайсаң.
Көңілім де лайсаң.
Көрер едің
Менше бір сәт ұға алсаң.
Өлең болып
Ақ қағазға түседі,
Кеудемдегі ой
Оянады мұңайсам.
Мен қайтемін.
Бақтар қалған үндемей.
Ағаштар да
күзде жансыз сүлдедей.
Ойланамын
Осы бақта отырып,
Ортаямын
оралам деп күнге кей.
Жуып-шайып
Жатыр барлық кінәсін.
Аспанның да
Көңілі босап, жыласын.
Жүрегімде
Жердің жасыл реңі,
көзім жасы
Көктен медет сұрасын.
Жапырақтар
Жатыр әсем бүлініп,
Кетпейді оған
аяқтар да сүрініп.
Өмір деген
Жаз секілді қорғансыз,
Күндер легі
Бірі -үміт, бірі -ұмыт.
Сияқтымыз
Біз де бір-бір жапырақ.
Қуанамыз,
Қайғырамыз аһылап.
Адам ие
Күллі әлемге ақылмен,
Және ақылға
Қарсы тұрған ақымақ!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктонды

  • 0
  • 0

Беркімбай... басына ел шұбаған,
Телғара жаяулап... Пірадар.
Мұхаммед, Түменнің үйі -ол-
Көктонды. Жолаушы, тұра қал.

Толық

Түннің көзі

  • 0
  • 0

Қала оттары әлдене деп жымыңдап,
Шегінеді терезеге үңілсем.
Жерге жұлдыз құлағандай -жыпырлап,
Түнді үнсіз бақылаймын -түңілсем.

Толық

Керегі не тірліктің күйігінің?

  • 0
  • 0

Керегі не тірліктің күйігінің?
Мен -құммын, Жер - ананың түйірімін.
Жүрегім бе? Жап-жарық мәңгі нұрдан.
Беті - сәуле, өзегі- от, бүйірі - күл!

Толық

Қарап көріңіз