Өлең, жыр, ақындар

Желтоқсан. Тәуелсіздік

  • 25.11.2015
  • 0
  • 2
  • 13446
Бұл өмірді қайтадан дәл осылай сүрер ме ең?
Қазақ болсаң қасіретімді біле бер.
Ол алаңға шығып кетті сол күні
Отаршылдық азарынан жүдеген
Көңілмен.
Елін сүю ерлер үшін жаман ба,
Түсірер деп кім ойлады аранға.
Қыз да тұрды кірпік қақпай күзетте
Желтоқсанда, Алматыда алаңда
Сеніммен.
Тірлігіңнің кетеуін көр кетілген,
Ұрып-соғып алып жатты шетіңнен,
Отын алмақ көзіндегі ұрпақтың
Махамбеттің жырын оқып жетілген.
Бекінген.

* * *
Адал сүт емген ардағым,
Мазаққа бермей шаңырағын.
Ауыр да жолды таңдадың.
Мезгілсіз сөнген оттарым,
Көзіне түскен шоқтарым.
Тұрғаның есте топтанып.
Өртенді жағалауларым,
Алаңға қарай алмадым.
Не істесе болады деп
...Өлең арнадым.

* * *
Сен елдің жадындасың,
Ұяты ,арындасың.
Ағасы ұмытпайды
Ерлік істеген қарындасын.
Мерекеде шерудесің,
Ел озса -көрудесің.
Әр сәби тілегінде,
Тойлардың төріндесің.
Сен солай адымдайсың,
Далада сағымдайсың.
Алаңда жанып тұрған,
Еліңнің шамындайсың.
Сені айтып тауың, тасың,
Жас ұрпақ жалындасын.
Ел деген ұмытпайды
Ерлік істеген қарындасын.



Пікірлер (2)

Маратқызы Айдана

ӨТЕ КЕРЕМЕТ ӨЛЕҢДЕР МАҒАН ҚАТТЫ ҰНАДЫ

Кузаирова Аяулым

Күшті өлең бүгін керек болған тәуелсіздік күніне осы ән

Пікір қалдырыңыз

Бұқарбай еліне

  • 0
  • 0

Өзінен ғана табылған барлық керегі,
Атайбоз бидің елі еді.
Ескілік жол мен ескі ғылым еді қорегі,
Жақыпбай молда төрі еді.

Толық

Алматы

  • 0
  • 0

Үн-түнсіз жүруді үйрендім.
Тауыстың түріндей түрлен күн.
Үйіме әкеліп бұтағын,
Иісіне сүйендім сиреньнің.

Толық

Келбетімді ашпай Мұңды мың ағын

  • 0
  • 0

«Келбетімді ашпай
Мұңды мың ағын.
Сәл нәрсеге
Бүліндім һәм жыладым.

Толық

Қарап көріңіз