Өлең, жыр, ақындар

Қыран өлімі

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 399
Өсіп-өнген өмір барда ұран бар,
Ұрандардан ұлы болсаң сыр аңғар.
Шырқау көктен шырқау шыңға соғылып,
Қыс айында өледі екен қырандар!
Қанатқа іліп шұғыласын әр таңның,
Қыран құстың «жан азасын» тартар шың.
Ызаланып өледі екен қырандар
Арасында ақпан менен қаңтардың.
Тағдыр қатал ұша алмайсың еркелеп,
(Еркелеткен күйді мәңгі шертер ек).
Өмірдегі аласа мен биікті
Өлгеннен соң жібереді жер теңеп...
Өлім жайлы түспей күйрек сезімге,
Қайраттылар қайралған-ау төзімге.
Кетеді екен найзағайлы бұлтты аспан
Қыран құстың көкірегінде, көзінде...
Кімде үміт, кімде қандай күмән бар,
Күрес жайлы сыр шертеді жыраулар.
Шырқауға бір шыққан кезде бақыттан
Басы айналып құлай ма екен қырандар?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шоқан

  • 0
  • 0

Таң шолпанға қарады ел сен екен деп,
Келер әлі айналып мерекең көп.
Сүйгендіктен ойладың өз еліңнің
Терезесін өзге елмен тең етем деп...

Толық

Біреу тойған...

  • 0
  • 0

Біреу тойған...
көз алды сағымданып,
Біреу әрең жүреді жанын бағып.
Ойда жоқта жер ана сілкініп, бір

Толық

Халық әні

  • 0
  • 0

Талғампаз көңілімнің танығаны,
Даламның дауысындай халық әні.
Таба алмай теңізден бір «Гауһартасты»,
Сарғайып сүйген жүрек сағынады...

Толық

Қарап көріңіз