Өлең, жыр, ақындар

Ашылған ақ аспанмен аштым қабақ

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 256
Ашылған ақ аспанмен аштым қабақ,
Уақыт көңіл күйін тасқынға орап.
Айтақтап ауласында ырылдатып,
Кейбіреу иттерін жүр қасқыр балап.
Күрсініп тынып іштен тұрам қарап,
Еліктеп биік шыңға қырау қабақ.
Қонар деп шың басына қарқылдаған
Қарғасын біреулер жүр қыран балап.
Көрмейтін көріп тұрып соқыр үшін,
Өртейді өзегіңді өкінішің.
Ал біреу алтындаған торға салып,
Бұлбұл деп саудалап жүр тоты құсын.
Білместі білгендерге билетпеген,
Талғамын танымға түк үйретпеген,
Тамсанып сұлулық деп қол соғады,
Аққуды алмастырып үйрекпенен.
Көңілмен күннің көзін тұманға орап,
Көзіңе бүлк етпестен тұрар қарап.
Бәйгеге қосар біреу жалы бар деп,
Жабыны құс жетпейтін құлан балап.
Осындай шошынғанда сұмдық істен,
Қақ жарып өтсем деймін жыр-қылышпен.
Жалғандық жүргізер өз үстемдігін,
Шыңғырып шыққанда бір шындық іштен..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дос қайда, іздеп келіп хал сұраған

  • 0
  • 0

Дос қайда, іздеп келіп хал сұраған,
Жасыса жігерімді қамшылаған.
Жаныма жұққан кірді жуып жүрмін,
Жасымен жүрегімнің тамшылаған...

Толық

Келген кезде кезегім...

  • 0
  • 0

Өмір тұрмас басымда, сірә, мәңгі,
Бір күнімнен бір күнім сынақ алды.
Жылатпай бер, не берсең, ей, туған ел,
Сұратпай бер, берсең бір сыбағамды.

Толық

Ақ жүзімде... Тұр таңбалы бар мұңым

  • 0
  • 0

Ақ жүзімде... Тұр таңбалы бар мұңым,
/Мінезіме айналғандай арлы ұғым./
Жамандайтын... Жол тауып «ол» әйтеуір,
Мен ұнатқан жігіттердің барлығын...

Толық

Қарап көріңіз