Өлең, жыр, ақындар

Жауып тұр күздің жаңбыры

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 392
Жауып тұр күздің жаңбыры,
Түрі жоқ тіптен ашылар.
Бей-жайға мені қалдырып,
Басылар көңіл тасыған.
Тұмандар шөккен атырап,
Қиялды мұңға батырар.
Сарғайған сорлы жапырақ,
Ұшады ағаш басынан.
Табыстап жерге ғұмырын,
Әйнектен тамшы жосылар.
Шылымның сорып шырынын,
Мұңайып жалғыз отырам.
Үніңде сенің зар-мұң бар,
Ашынған жүрек аһ ұрар.
Қасірет толы тағдырлар,
Шыланар көздің жасына...
Жанарға жасын мұң іле,
Жауар да жаңбыр басылар.
...Өткінші өтер дүние...
Сенбеймін бірақ осыған...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тырналар

  • 0
  • 0

Қарашаның қатулы қабағынан сескеніп,
Қайтқан құстар қып – қызыл бара жатыр кешке еніп.
Ғазал сіңіп әр қилы қожыр – қожыр тастарға,
Қоңыр әуен қалқиды қоңыраулап аспанда.

Толық

Жолайрық

  • 0
  • 0

Бітпейтін менің ертегім едің,
Бақытқа бірақ жетпеген.
Қанша жыл өтті…
Көз жасыңменен көгілдір таулар көктеген.

Толық

Жоқтау

  • 0
  • 0

Сен өлгенсің, білемін, сөнген шақта бір жасын,
Ұрлағанда уақыт Ай-арудың сырғасын.
Таңғы шықтар мөп-мөлдір жанарына іркіліп,
Мынау гүлзар дүние жапқан кезде кірпігін.

Толық

Қарап көріңіз