Өлең, жыр, ақындар

Біздің жақтың тауына

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 285
Біздің жақтың тауына бұлттар үйір келеді,
Біздің жақтың бауына құстар үйір келеді.
Біздің жақтың өзенін бұлақтар көп іздеген,
Біздің жақтың кезеңін гүл бүркейді жүздеген.

Іздей-іздей бұлақтар арып- шаршап жетеді,
Көк өзеннің арнасын мәңгі мекен етеді.
Кезеңдегі көп гүлдің күзде сұрқы кетеді,
Тек қарғалдақ қасқайып қаңтар да да өседі.

Тауға үйір көп бұлттар сіркіреп ап өтеді,
Қар секілді мәңгілік қалып қалса не етеді?!
Біздің жақтың қыздарын елі аңыз етеді,
Өрлігі бар жігіттер алысқа алып кетеді…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сол күні

  • 0
  • 0

Туу, өлу десек дағы заңдылық,
Тағы да бір кілт үзіліп қалды үміт.
Аямайтын болып алды сұм ажал,
Қара өлеңді қариясыз қалдырып.

Толық

Таудан биік

  • 0
  • 0

Сезіміңді жасыру да бір мұң ғой,
Кірпігіме асылуда бұл күнде ой.
“Көзің талса тауға қара” дейсің сен,
Таудан биік саған қарап жүрмін ғой!

Толық

Жол шетінде күте көрме

  • 0
  • 0

Жол шетінде күте көрме,
Жолдың шеті ызғырық.
Қандай азап жолға қарау,
Көзің талып үздігіп.

Толық

Қарап көріңіз