Өлең, жыр, ақындар

Толқын тістеп тауысқан

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 257
Сағындым деп сен мені сендіргенде,
Ақылыңды сезімге жеңдіргенде.
Тиер-тимес аяғым жерде қалқып,
Жүргендеймін шомылып мөлдір көлге.

Кетпей тұрған қасымнан жазым қандай,
Жазым қандай, әдемі сазың қандай,
Жайшылықта ұйысып қалар шашым,
Қолым тисе судырап жазылғадай.

Тіпті сұңғақ тартқандай тал мүсінім,
Жұтқандаймын даламның таңғы шығын.
Жүрек күліп тұрған соң сұрағына,
Күле жауап беремін бар кісінің.

Өзгеше боп кеткендей өмір мүлдем,
Құсым қандай айдынға қонып жүрген.
Жүрегіме бір жалын келіп кірген,
Көптен бері жылынбай тоңып жүрген.

Жая алмасаң сол беті маған құшақ,
Қалар ма едім ел көшкен далам құсап.
Таусылған күн төзімім түгесер ме ем,
Толқын тістеп тауысқан арал құсап.

Қалай ғана тұра алам қанаттанбай,
Қарсы алдымнан күлімдеп таң атқандай.
Неге келдім өмірге десем тәйір,
Сол сезімді сезуге жаратқандай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әке

  • 0
  • 0

Көрмеген соң көсеуге де таң қалып,
Көп ұмтылдым биіктерге қарманып.
Әке сенмен бірге кеткен бақытты,
Мына өмірден көп іздедім сандалып.

Толық

Қайығ едім тік өскен

  • 0
  • 0

Көздеріңе қарасам мейір көрем,
Разы боп өмірге пейілденем.
Қайың едім тік өскен, сен толқын ең,
Жас қайыңды өзіне бейімдеген.

Толық

Қысылғаннан есім шығып

  • 0
  • 0

Қысылғаннан есім шығып,
Ұялғаннан жандым ба.
Ақ желекті жапты біреу,
Қауым елдің алдында.

Толық

Қарап көріңіз