Өлең, жыр, ақындар

Өрік гүліндей үлбіреп үнсіз

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 245
Шарпыды бір от жүзіме төніп,
Бір әуен жетті шалғайдан.
Ауыстырыпты көктем-қыз келіп,
Жапырағымды сарғайған.

Күзгі жаңбырда сөнген сезімді,
Тұтатып жасын үрлеген.
Самалы келіп аластап кетті,
Көңілімді әбден кірлеген.

Бақытың сенің осы ма еді,
Жоғалтып алған кеше деп,
Ақ жаңбыр іңкәр жүректің сөзін,
Төбемнен төкті төпелеп.

Дала екеуміз тыныстап алдық,
Жусанның исі бұрқырап.
Көктеммен солай қауышып жатты,
Тіршілік біткен шұрқырап.

Өрік гүліндей үлбіреп үнсіз,
Төгілуге де шақ тұрғам.
Түсірмей жерге қағып аларсың,
Қуанышымды лақтырған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сырға толы қарашық

  • 0
  • 0

Сырға толы қарашық,
Мен ішіңде кетсем бе екен адасып.
Ғаламатын былайғы жұрт сезбейді,
Отырар ед қарасып.

Толық

Сол шыршаның түбінде

  • 0
  • 0

Ыстық сәлем аитқалы келе жатқан күндерге,
Жаңа жылды тойладым толды құшақ гүлдерге.
Жастайынан кесілген топ ішінде шырша тұр,
Қаяу салып көңілге неге келдім бұл жерге?!

Толық

Қыз сыры

  • 0
  • 0

Бозбаламен бірге шығып қыдырмаймын жаймаға,
Ағам үйде отырғанда қарамаймын айнаға.
Үйге қонақ келген кезде жайда қалам жағдайсыз,
Дастарқанда бірге отырып ас іше де алмайсыз.

Толық

Қарап көріңіз