Өлең, жыр, ақындар

Мынау қысты сүйіп қалдым

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 211
Мынау қысты сүйіп қалдым,
Келсе дағы күзді ұрлап.
Жұқа пальто киіп бардым,
Жып-жылы ғой сіздің жақ!

Таулары да тым өзгеше,
Шым жамылған тастары.
Біздің жаққа қарағанда,
Сәл солғындау аспаны.

Бітпейді екен бақтарыңда,
Қыс пен жаздың тартысы.
Жылы лептің ақтарылған,
Сөзіңде жүр жартысы.

Сылық иттің үрісі де,
Түгел жандай ұпайы.
Тұлпарының желісі де,
Жүрісі де сыпайы.

Тек толқыны бағынбайды,
Сәлемдесті ентелеп,
Қалсам болмас бұдан ары,
Қайтып кеттім ертерек.

Мынау қысты сүйіп қалдым,
Келсе дағы күзді ұрлап.
Жұқа пальто киіп бардым,
Жып-жылы ғой сіздің жақ!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазақтың қызы

  • 0
  • 0

Көзінше жұрттың қарамас телміріп жарға,
Сағынған шақта ес көрер жасанды елесін.
Сүйемін деген сөзін де айтады іштей,
Сағындым деген сөзі сол: - қашан келесің?

Толық

Іздеме мені

  • 0
  • 0

Апта мен айлар ауыспақ түгіл,
Жылдардың көші қыр асты.
Мұңдарды мұжып тауыспақ түгіл,
Жас келер көзге тым ащы.

Толық

Қыс пенен жаз, көктем, күз жиі алмасқан

  • 0
  • 0

Қыс пенен жаз, көктем, күз жиі алмасқан,
Сиғызып тұр қалайша қиялды аспан.
Жалғыздықтан көңілді құлазыған,
Күзге жаба салыппыз ұялмастан.

Толық

Қарап көріңіз