Өлең, жыр, ақындар

Құлайын деп ем

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 228
Сәулесін күннің сорып ап үнсіз,
Бауырындағысын күйдірген.
Тағдырым шығар сағыныш- құмға,
Табанымды аппақ тидірген.

Жүріп келемін, шығам ба бір күн,
Сағыныш құмның шетіне.
Бүк түскен құмдар оянып түнде,
Жалынын шашқан бетіне.

Азабы құмның қинайды жанды,
Суретте ғана әдемі.
Тұрады екен елестен тағы,
Құмдардың ғажап әлемі.

Көрмейсің мұнда бұлақ бастауды,
Қаншама жандар шөлде өлген.
Құлаған жанды көміп тастауды,
Құм шебер әбден меңгерген.

Қар кешіп жүрмей бұл қандай сарсаң,
Дейсің бе құмда неңіз бар?
Сағыныш –құмды кешіп өте алсаң,
Ар жағында оның теңіз бар.

Ақ қардан жырақ, сусыған сезім,
Құм менен теңіз егіз бе?
Тұншығып қалсам сорымнан көрдім,
Құлайын деп ем теңізге!!…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы емес

  • 0
  • 0

Тиегін сырдың ағытармын мен,
Қалжың мен ептеп қағытармын мен.
Көкірегің кілтін таппаспын бірақ,
Жүрегің сенің бос емес.

Толық

Сағынышым былтырғы

  • 0
  • 0

Жүрегіңе нәп-нәзік сия алғаныммен,
Сырласуға оңаша ұялғаныммен.
Қыйып едім өзгеге, өзге тағдырға.
Кездескенде бетпе-бет қия алмадым мен.

Толық

Нән қаланың тұрғыны

  • 0
  • 0

Естілетін сирек күйдің күмбірі,
Ысы қою нән қаланың тұрғыны.
Сөзіңізде керуеннің сыңғыры,
Сіз де өлеңге айналарсыз бір күні…

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер