Өлең, жыр, ақындар

Ғанибет

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 223
Қара түнге қадалғаным - ғанибет.
Айна алдында таранғаным - ғанибет.
Бірде ойға, бірде мұңға батырып,
Сүю үшін жаралғаным - ғанибет.

Қас-қағым сәт, бақыт құшқан - мәңгі шақ.
Өзгермейтін, өтпейтұғын мәнді шақ.
Көз алдымнан кетпей қойған көлбеңдеп,
Құлағымда тұнып қалған ән құсап.

Зорға жылы тіл қатқаным - ғанибет.
Тәтті ұйқыңды ұрлатқаның - ғанибет.
Өкінбеші, сені ойлап жүргенде,
Ай, жылдарым қолды болған зар илеп!

Қанат бітіп, шарқ ұрғаным - ғанибет,
Төзім бітіп, сарқылғаным - ғанибет.
Жасыруға әлім жетпей сезімді,
Жалыныңа шарпылғаным - ғанибет.

Біз бақыттан қалғиықшы қалғысақ.
Ғашықтардың құдайынан алғыс ап.
Қуаныштан есі шыққан жел құсап,
Бір-ақ түнде бүрлей салған тал құсап!

Сынай, сынай, сынақтарым сиреген.
Елесің кеп бар еркімді билеген.
Жан мен тәнді орап алған от сезім,
Түн реңді бұрым қалды күймеген!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен сені сағынамын

  • 0
  • 0

Мен сені сағынамын,
Қызметшің болуға жаралғандай,
Тоты келіп қасыңа таранғандай.
Қабағыңа қарап ап елп етемін,

Толық

Қыр гүлі едім

  • 0
  • 0

Қыр гүлі едім жас тұлпар,
Басып кеткен тұяқпен.
Қалжырадым серпілтер,
Кем болып тұр күй әттең!

Толық

Біздің тау

  • 0
  • 0

Өлең жырдан ажырамас бір елі,
Біздің мекен батырлар мен жыр елі.
Алтай таудың төбесінде жатқан қар,
Басқа қарға миығынан күледі.

Толық

Қарап көріңіз