Өлең, жыр, ақындар

Ат үсті (Желдіқараға жеткенше)

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 253
Желдіқара
сайың да, саяңда құт
Бауырыңа
біз үшін таяу бақыт.
Төсіңе
аунап-қунап кетейінші.
Төбелмен
тура тарттым аяңдатып.

Алайын
енді бір сәт жорғалатып,
Бұдан асқан
өмірде барма бақыт,
Жазық жерде
жазылтып көсілтейін,
Төбелдің
тамшы терін сорғалатып.

Салайын
желдей енді желісіңе,
Танылған
құлын еді желісінде.
Ойын-сауық,
көкпарда сені мінсем
Еңсем
биік тұратын ел ішінде.

Етің қызды
Үдетші шабысыңды,
Жануарым
қайрашы намысыңды.
Дүбірлетіп
өткенде дала төсін,
Тұяғыңнан
дұшпанның сағы сынды.

Төбелім-ау,
жылқы жоқ сеннен асқан.
Көзге түскен,
тектісің құлын жастан.
Сүрінуге
қақың жоқ туған жерде,
Қубас та
Желдіқара жерін басқан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қараша

  • 0
  • 0

Қоштасу айы – қараша.
Үйренді дәтім Жалғанға.
Мұңның өзі де – тамаша,
Өмірді ұға алғанға?

Толық

Найзатас

  • 0
  • 0

Бұлттарды дүлей жосылған,
Найзатас ұшы түйреген.
Айналдым әзиз басыңнан,
Құлжалар ғана билеген.

Толық

Жер тарпыса, желқанат күрең дөнен

  • 0
  • 0

Жер тарпыса, желқанат күрең дөнен,
Тағылығым ұстайды, тарпаңдығым.
Құлағынан басып ап, жүгендеп ем,
Құрысынан жазылды арқам бүгін.

Толық

Қарап көріңіз