Өлең, жыр, ақындар

Ақын

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 365
(1815)

Аш маған пейіш есігін,
Мұқатпа, мен мейманмын!
Адам — менің есімім,
Ерімін, тірлік — майданның.
Жарам көп қой кеудемде,
Нұрлы көзбен қарашы,—
Алдамшы ләззәт — шерменде,
Жалған өмір жарасы.
Жырладым мен фәнидің
Ізгілігін мәңгілік.
Наз жүректің налуын,—
Аң сеніммен жаңғырып.
Қанымды қиып қанша көп,
Алғы сапта толғандым.
Жүрегі маған жансын деп,
Махаббатшыл жандардың.
Маған шақ орын пейіштен!
Қолыңды бер, аңсадым.
Тірлікті мәңгі, періштем,
Санасын енді саусағың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жолаушының түнгі өлеңдері

  • 0
  • 0

Бар қайғы-мұңдарыңнан ада болып,
Сен де бір, аспанға қарап өзіңше,
Еселеген бақытсыздығыңды мүлдем жойып,
Екі есе бақытыңа бөленгендей боласың... –

Толық

Зылиха

  • 0
  • 0

Бұл сәтті қайтіп бүркеймін?
Бақытқа енді бас ұрам.
Ұрымды сотқа бермеймін,
Олжамды алған жасырам.

Толық

Қазанға айтты, құмыра дандайсып...

  • 0
  • 0

Қазанға айтты, құмыра дандайсып:
«Сөйлеме сен, көргенсіз ақымақ,
Өшір үніңді, мақтанбағын ерекшемін деп!
Біздің асханада да болмай жатып,

Толық

Қарап көріңіз