Өлең, жыр, ақындар

Шалма ора басыма, тәж ғып маған

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 383
(1815)

Шалма ора басыма, тәж ғып маған.
Шырай берер сол мата жарқыраған.
Иранды билегенде, Аббас шахтың,
Маңдайы мұндай тәжбен сән құрмаған.
Ескендір де басына шалма ораған,
Бұйра шашын тозаңға шалдырмаған,
Талай жұрттың болды ол падишасы,
Асылдардан артық ол жалтылдаған.
Біздің король мейлі ғой тәж дей берсін,
Атын қайтем? Ондай ат тез өзгерсін.
Інжу-маржан! Мадақта, ынтызарлар!
Ал маған шәйі жібек көрік берсін.
Уа, сүйіктім! Қайтемін тәжіңді мен?
Маңдайымды орашы, ақ жібекпен.
Қайтемін мен сұлтанның мәртебесін,
Көз шұғылаң түссе тек — шалқып кетем!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әлемнің ықыласы

  • 0
  • 0

Қасиетті ұлан-асыр тойдан кетіп,
Жан жаққа шуақтанып шашылыңдар.
Жалған өмірді жалғап,
Алып жолдар, кеңістікті жарып өтіп,

Толық

Қайдан келдім бұл жерге? Ешбірі де жоқ есте

  • 0
  • 0

Қайдан келдім бұл жерге? Ешбірі де жоқ есте,
Өткен өмір жолдары айналғандай елеске.
Махаббат пен қуаныш жан достарша қауышқан.
Мамыр міне. Бола ма қапта тудым демеске!?

Толық

Қиялым менің, қиялдарым!

  • 0
  • 0

Қиялым менің, қиялдарым!
Кешегі өткен алтын күндерімді,
Және де өзің көргендейсің!
Жүрегім, жігіттік жігер, күшіне еніп,

Толық

Қарап көріңіз