Өлең, жыр, ақындар

Жігіт пен диірмен өзені

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 267
(1797)

Жігіт
Қайда ақтың, өзенім,
Неге асықтың?
Мұнша неге мәз едің,
Тез тасып тым?
Не іздейсің бұл сайдан, көк майсадан?
Не іздейсің, өзенім, айтшы маған?
Өзен
Еркін едім ағылған,
Ойнақтаған,
Ұстап алды жалымнан,
Байлап адам.
Еркіндік жоқ жүйткитін өз бетіммен,
Диірменнің атқарам қызыметін мен.
Ж і г і т
Айрылсаң да еркіңнен,
Қиыр белден,
Серісің ғой серпілген,
Диірменге.
Диірменшінің қызы үшін жыламайсың,
Мен секілді көз жасын бұламапсың.
Өзен
Асықтым сол сұлуды,
Көрейін деп,
Таң сәріде суымды
Берейін деп.
Жуынуға ақ төсін шығар жайнап,
Ыстығынан кетеді суым қайнап.
Жігіт
Ыстығынан сол қыздың,
Су қайнаса, Сәулесінен жүремін
Қалай таса?
Кетті менің сабырым, кетті дәтім,
Кім біледі сол қызды, айтшы атын?
Өзен
Сипалаймын аяғын,
Қандай, шіркін!
Естен танып қаламын,
Болмай ырқым,
Тегершікті жіберем айналдырып,
Диірменім зырлайды майдан құрып.
Жігіт
Сен де сорлы біліпсің,
Шерді мұндай,
Сол үшін де жүріпсің
Шөлді қумай.
«Кез қырыңды»— деп қыз да берер кеңес,
Махаббатсыз өмір не?— өмір емес.
Өзен
Кетем әрең арудан,
Қасіретпен,
Шерім зая ағылған,
Жасын төккен.
Болар едім зор бақыт тапқандайын,
Аяғында сол қыздың жатсам дәйім.
Жігіт
Азабымның серігі,
Уа, мұңдасым,
Жеткіз мені шерімді
Қыз тыңдасын,—
Жүрегімде ләззәт бар жанып жатқан,
Үмітім бар әлі де жалын атқан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұхаммед айтқан

  • 0
  • 0

Өлгендерге дұшпан жылап-сықтасын,
Енді олардың білем көрден шықпасын.
Мұсылмандар барады тек жаннатқа,
Біз жатпаймыз еңіреп сосын зарлап та.

Толық

Коринфтің келіні

  • 0
  • 0

Афины шаһарына бағынышты
Қызметшілер орны болған Коринфке,
Белгіліз, жас жігіт мейман,
Өзінің әкесімен бұрыннан

Толық

Өрескел де болса, орынды

  • 0
  • 0

Ия, поэзия неткен қатыгез!
Не затымды, құмарлығымды, шіркін,
жоғалттым?
Бойымда қаным қайнап тұрғанда,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар