Өлең, жыр, ақындар

Май

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 255
(1816)

Күміс бұлттар желбіреп,
Балқиды аспан демінен.
Сәулесі күннің елжіреп,
Өбеді будың селінен.
Топырағы майдай жағаны
Толқындар тамсап жалайды.
Шомылып шыққа сабағы
Шөп біткен суға қарайды,
Бойынан діріл тарайды.
Ұйыған ауа. тыныштық
Шайқалды неден жапырақ?
Махаббат тұнған тымырсық.
Шалғынның қойны жарқырап,
Көзіңнің жауын алады!
Қарашы: қандай жаңа таң!
Тіршілік құс боп барады.
Уыздан шыға балапан
Шиқылдап әнге салады,
Сұлулық құс боп тарады.
Шебер-ақ екен құс қолы,
Ұя да салды қысқасы.
Бар тіпті орындық, столы
Бейнебір ағаш ұстасы.
Күн батты, кетті мәні де
Елтимін мамыр күйіне,
Бөленіп құстар әніне.
Ғашығым келді үйіме.
Тіршілік бейне өрген құс.
Күнім мен түнім — көрген түс!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нақыл өлең сөздер

  • 0
  • 0

Шіркеу терезесіндегі әйнектердей,
Өлеңдер бар түрлі-түсті.
Сыртынан қарасақ,
Біз ешнәрсені жөндеп, пайымдап та көрмейміз.

Толық

Періштенің алғысы

  • 0
  • 0

Бәрін де – үлкенді де, кішіні де
Құдіреттім сен жараттың.
Расында да,
Бәрін де бірдей көтерген,

Толық

Рақат азап

  • 0
  • 0

Күндейді Жұртқа тіс жарма
Білсін тек дана сырыңды.
Өлімге ғана құштарға
Арнаймын мадақ жырымды.

Толық

Қарап көріңіз