Өлең, жыр, ақындар

Кофта жырлары

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 217
(1787)

I
Ақымақтармен болсын әуре ғалымдар,
Мәттақам ғой шаршамайтын пақырың!
Ал даналар бізді дәйім қабылдар,
Айтар және әзілді-шын ақылын:
Ақымақтарды жөндеймін деу — сандырақ!
Ой перзенті, бір нақылға сал құлақ —
Дәйіс болып қалғаны артық дәйістің!
Баяғыда, мен бозбала шағымда,
Нұр молада жатып мерлин1— шалың да
Маған айтқан бір нақылмен таныспын:
Ақымақтарды жөндеймін деу — сандырақ!
Ой перзенті, бір нақылға сал құлақ —
Дәйіс болып қалғаны артық дәйістің!
Шықсаң күнес асқарына Үндінің,
Кезсең Нілдің қара түнек үңгірін,—
Бәрі айтады құддұс жақын, алыстың:
Ақымақтарды жөндеймін деу — сандырақ!
Ой перзенті, бір нақылға сал құлақ —
Дәйіс болып қалғаны артық дәйістің!

II
Айтқанды тыңда! Жолға шық!
Аяқты баспа алжасып,
Сақтықтың үйрен білімін!
Арам ғой тағдыр безбені,
Жібермес бекер сезгенін,—
Қимылын аңды тілінің!
Кімсің сен? Тұтқын қормысың?
Жеңімпаз жаңа ермісің?
Тапталған төстей жермісің?
Балғадағы әлде өрмісің?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жолаушының түнгі өлеңдері

  • 0
  • 0

Бар қайғы-мұңдарыңнан ада болып,
Сен де бір, аспанға қарап өзіңше,
Еселеген бақытсыздығыңды мүлдем жойып,
Екі есе бақытыңа бөленгендей боласың... –

Толық

Қайдан келдім бұл жерге? Ешбірі де жоқ есте

  • 0
  • 0

Қайдан келдім бұл жерге? Ешбірі де жоқ есте,
Өткен өмір жолдары айналғандай елеске.
Махаббат пен қуаныш жан достарша қауышқан.
Мамыр міне. Бола ма қапта тудым демеске!?

Толық

Өлең-жырлар

  • 0
  • 0

Ән-жырлар қайдан шуақтанып,
Өлең-жырлар қайдан күш-қуат алады.
Ақындар оған көңіл қойып,
Көпшілік қолдап оны қолпаштар.

Толық

Қарап көріңіз