Өлең, жыр, ақындар

Дидарласу және айрылысу

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 234
Жаным жанды, бітті халім,
Жөнелейін атқа мініп!
Бөледі кеш қыр алқабын,
Тау иығы түн жамылып.
Міне алда тұр зор емен,
Қараңғыны бойына орап.
Саңылаудан түн бүркеген,
Жүз қара көз тұр сығалап.
Сәулесінде терең қайғы,
Бұлт ішінен ай жаутаңдап,
Жел қанаты сумаңдайды,
Үрей салып, тауды шарлап.
Албастыдай басса да, түн,
Жүйткіп атым, келем ән сап.
Өмір жайнап, тасып қаным,
Жанымда от жанды сол шақ!
Қиялымда сен ғана тек,
Іңкәр көзің жанды маған.
Ұшты жаным сені тілеп,
Ұшты лебім от боп саған.
Бітті жолым. Бұрынғыдай
Жұпар аттың, көктемім сен.
Қасымдасың! Берді құдай!
Не сырым бар пейішке тең?
Айхай! Miнe, шықты күн де
Нұр сипатың солғын тартты.
Қандай сүйдің мені түнде,
Жаның қандай мұңға батты.
Тұрдым әрең, жаным дал-дал,
Тағы да сен жалғыз қалдың.
Қандай бақыт — сүйікті жар!
Махаббатың — нәрі жанның!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кен қазына байлық ізденуші

  • 0
  • 0

Небір қарбаласты да,
Небір ауыртпашылығы мол азапты да,
Аз емес көп жыл,
Бір басымнан өткердім.

Толық

Диірменші қызының қулығы

  • 0
  • 0

Ерсі болды-ау мына қылық,
Ес-түсіңді кім алған?
Тоғай барып, дұға қылып,
Арылып па ең күнәңнан?

Толық

Зылиха

  • 0
  • 0

Безбеймін мен ақыннан!
Сырымыз бір айнымас.
Арбадың сен, алқынған,
Жүрегімді ару жас.

Толық

Қарап көріңіз