Өлең, жыр, ақындар

Тамаша түн

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 277
(1768)

Сүйіктіме жылы ұя.
Хұжырамнан кеттім мен.
Қалың орман кең сая,—
Жай басып, соған жеттім мен.
Қалың нуды жарып ай,
Гуілдеді жел түнгі.
Басын иіп, жарындай,
Наз қайыңдар желпінді.
Жазғы түннің самалын,
Рахаттанып жұттым мен,
Тапса мерей шын жаның,—
Үнсіз сез де, жұт мүлдем.
Шексіз ғой ләззәт шіркінің.
Қияр-ем бірақ мен мүлде,—
Мұндай шақтың мың түнін —
Сәулеммен өткен бір түнге.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мамыражай мамырдың керімсалы...

  • 0
  • 0

Мамыражай мамырдың керімсалы –
Кеңінен тынысымды ашады.
Күннің түскі сәулесі –
Көздің нұрын алады.

Толық

Балықшы

  • 0
  • 0

Жөңкілді толқын, шулады толқын,
Жағада отыр балықшы мүлгіп.
Тыныштық меңдеп судай бір салқын,
Езіліп жаны, отырды мұңлық.

Толық

Қалам

  • 0
  • 0

Игілік қой бұл ғаламда қамыс та,
Сәулетіне соның да таң қаламын.
Дүниеде сен де содан қалыспа,
Жаз өлеңді, шыбығым сен, қаламым.

Толық

Қарап көріңіз