Өлең, жыр, ақындар

Ән-жырлардың түлегі

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 246
Кең даланы, қалың орманды
Терең бойлап жағалап,
Күннің тал түс, бел ортасында
Әсем әнге, жырға қосып,
Аяғымды алшаң басып, серуендеп келемін.
Жер шарын мені айналшақтап мың құбылып,
Бірге қолдап, әніме жараса бір тамаша ғажайып үн қосқандай.
Шіркін-ай, жетер екем қашан
Көктемнің шұғылалы, гүлдестелі күндеріне,
Құстардың жұптаса жарыса,
Үндесе салған керемет бір үйлесімді үндеріне.
Тереземе сәнді суретін салған,
Аязды ақша қарды даңққа бөлеп,
Үстін-үстін, үдете ән-жырларыма шексіз қосар едім.
Анық менің білетінім – сол бір күннің келетінін:
Жердің беті жаңарып түлеп,
Көктемнің қайта және келерін.
Жастық шақ жүрген жерде
Мол қуаныштар мен толассыз күлкіге батып,
Небір өлең-жырлар, ән мен күйлер айтылып,
Қаншама ұйқысыз күндер мен түндер өтер.
Жабырқаулы, үнсіз бойжеткен де,
Менің тамылжыта салған әнімді естігенде,
Ерекше бір күйге түсіп,
Елжіреп көңілденіп, еріп те кетер.
Ән жырларыммен шексіз қанаттанып,
Еріксіз адасып мен
Кейде бейқам күйге енем.
Түзетіп мені кейде тура жолға салар.
Уа, шіркін, Дариға-ай!
Қайткенде енді ғашығымның жанында
Бір ғана сәтке мен қалар екенмін.

1799



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кең жайлау далам

  • 0
  • 0

Кең жайлау далам
Таңғажайып түлейді кеп, тұманға еніп.
Небір от-шоқ, түрлі түстерге боянып,
Ерекше толқын атып тұрғандай.

Толық

Өсиет

  • 0
  • 0

Құлақ сап дос-жар, жарандар,
Жанымды жақын санаңдар.
Бүгінгі менің ойымды
Бүкпесіз сырға балаңдар.

Толық

Көңіл әлемі

  • 0
  • 0

Барлық жерде сендер,
Шашылыңдар көк аспанның төрінде,
Қасиетті адамдар тойдан кетіп,
Көтеріңдер өмірді, бұзып-жарып,

Толық

Қарап көріңіз