Өлең, жыр, ақындар

Балықшы

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 272
Жарыса толқындар, шулап ән салар!
Көл жағасында балықшы отыр, ойға шомып;
Айнала жым-жырт, көңілі дертке толып.
Сағаттар бірінен бірі тоқтаусыз өтіп жатыр;
Кенеттен толқындар у-шуы бір мезетте басылғандай...
Суға оранып, су арасынан жүзіп шықты ең әдемі сұлу бикеш.
«О халқым менің, бұрқыраған су түбінде, туған отауында
Тыныш жатқан жанды не үшін жылы жайынан айырасың?
Ах! егер де балықтың судың терең түбіндегі еркін өмірін қанық
білгеніңде, сен өзіңді қапырықта сезініп, қынамаста ма едің.
Күннің сәулесі нұрлы шуағын су бетіне шағылыса шашып,
Мезгіл-мезгіл дамылсыз шомылдырғандай ма?
Жым-жырт аспанның көк күмбезі
Солармен бірге үндесіп жатқандай ма?
Нұр шуағы, сенің қуанышты жастық шағыңды еске салып,
Кел дегендей ме?» – дегендей
Жарыса толқындар, шулап ән салар...
Жағалауды күшті толқындар ұрар!
Досың сыбырлап бір тұрғандай,
Көңілге толы шер, қайғы-мұң салар!
Уақыт сәті келгендей –
Алдамшы күйге түсіп, жарасымды ән салар!
Шыдамсыздана біріне-бірі жүгіріп...
Барады іздері із-түзсіз мәңгілікке жоғалып.

1778



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Зылиха

  • 0
  • 0

Бұл сәтті қайтіп бүркеймін?
Бақытқа енді бас ұрам.
Ұрымды сотқа бермеймін,
Олжамды алған жасырам.

Толық

Үр қызы және ақын

  • 0
  • 0

Үр қызы
Есігін бағып пейіштің
Тұрған мен бір сақшымын
Ентелейсің, ор түсің,

Толық

Махаббат трилогиясынан «Элегиядан» үзінді

  • 0
  • 0

Тұншықса адам қайғы шегіп азаптан,
Құдай маған қасіретіңді шерт деді.
Сағынышты кездесуден не күтем?
Әлі күнге жайылмаған гүл ме екен?

Толық

Қарап көріңіз