Өлең, жыр, ақындар

Тышқандарды аулаушы

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 271
Күнделікті өмірде, сендер сүйер – әншімін,
Мен тышқандарды аулаушымын,
Көп жерлерде белгілі,
Бұл шаһарда да менің өнерім өте қажетті.
Тышқандар бұл жерде де –
О құдайым, жетіп артар,
Ия, тышқандардың да бар небірі, –
Егер де мен ән салып, шырқай қалсам,
Сендер оның ешбірін де көрмейсіңдер,
Демде көзден ғайып жоқ болады.
Атақты әншімін,
Сонымен мен балаларды лезде көндіріп, жұбатамын.
Айқай-шу арасында өлең айта қалсам егер,
Жылап тұрған балалар,
Жылағанын демде тия қояр!
Небір бұзық, тентек балалар да,
Небір қиқар, кесір қызшалар да –
Қолымды алға сілтеп созсам болды,
Бәрі де жүгіре ерер соңымнан.
Құрметті, белгілі әншімін,
Сонымен қоса әйелдерді аулаушымын.
Менің болмаған, менің ізім қалмаған,
Бір де қала да жоқ.
Мейлі ұялшақ кейбір қыздар,
Жас бойжеткендер, керім қыздар –
Махаббат туралы әнімді естігенде,
Бәрінің де жүректері от-шоқ болып лаулап жанар.

1802/1803



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сақтық

  • 0
  • 0

Тағыныпсың інжу-маржан,
Мадақтамай көр, ақыным.
Дұрыс шығар үнсіз қалған,
Жаудырсам ба сөз ақығын.

Толық

Имандылық

  • 0
  • 0

Тура бол, адам,
Кішіпейіл және мейірімді бол:
Тек сондай ерекше бір түрлерінен,
Оны өзге жандардан

Толық

Зылиха

  • 0
  • 0

Безбеймін мен ақыннан!
Сырымыз бір айнымас.
Арбадың сен, алқынған,
Жүрегімді ару жас.

Толық

Қарап көріңіз