Өлең, жыр, ақындар

Бірігу

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 263
Сенсің бе осындағы менің жарығым?
Сенің тұлғаң ба, әлде сенің қолың ба?
Аяусыз толып мұң-қайғыға,
Айырылысу соншалықты суытты!
Қайта оралар жарық қуанышым болған,
Сен – менің қалауым гүл-шоғымсың!
Өткен қор болған күндерімді еске алсам –
Күн нұрымен кездескеніме қапа болам.
Кеудесінде туған жердің қисайып
Жабайы күштер бостан босқа үйір болар,
Зор қуаныштан бірінші сәулетші-шеберіне
Заң мен құрылысты о бастан-ақ беріп қойған.
«Жолы болар іс!» – деген нақты жауап,
Сөзі болды – лезде.
Дүние жүзі соқыр тәртіпсіздіктен
Өте жарық болып көрінді.
Жасқана тығылып қараңғылық алғаш рет,
Екпіндеп жарық жоғарыға ұмтылды,
Өлеңдер ойда жоқтан ыдырап,
Бүліне, ала жүгірді,
Бір-бірімен мәңгілік жауласқандай,
Күңгірт қараңғы толы қиялға шомып,
Шектен шыққан заңсыздық жым-жырт қиыр алыста,
Жаратылыстағыдай тыныштық.
Қалғандай бәрі де шөл дала да мылқау болып.
Құдайым о бастан жалғыз,
Ол өзі осында көк күмбез құрып,
Шығысты шапағатымен жарықтатқан.
Қайғы-қасіреттіні таң шуағымен оятып,
Сотқарлық бояуымен бәрін де жарқыратқан.
Бөлектенуге ұмтылғандардың бәріне де,
Махаббат құдіреті жан берген.
Ешбір тоқтаусыз, тайсалмастан,
Екі жан бірігуге асыққан.
Жүзбе-жүз қараумен шексіз көздер,
Жүректер соғар, шіркін, тынымсыз.
Не күтіп тұр қайғы ма, рахат па –
Тек бар армандары бір-бірімен қосылу.
Ешбір жаңалықты ашудың қажеті жоқ енді,
Онысыз да жаңалықтың иесі біздер болдық.
Кел деп шақырған дауысыңды естідім де,
Сенің ыстық құшағыңа еніп мен,
Түнгі жұлдыздардың мөріндей,
Өміріміз біздің қосылды.
Біздерді енді, қуанышты сәттер,
Ешбір жауыз ниеттерде де айыра алмас,
Және де екіншіден: «Жолы болар іс!» –
Біздерді ешқашанда ажырата алмас енді.

1815



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ай толықсып шыққанда

  • 0
  • 0

Қайтіп мені қалдырдың?
Қасірет енді жаныма!
Бұлтты кеудем қалың мұң.
Сен жоқтықтан алдымда!

Толық

Мұңға бату

  • 0
  • 0

Па, шіркін!
Маған соншалықты жүк артардай,
Жүрегім саған не болған?
Менің ғұмыр сүрген жанұям,

Толық

Имандылық

  • 0
  • 0

Тура бол, адам,
Кішіпейіл және мейірімді бол:
Тек сондай ерекше бір түрлерінен,
Оны өзге жандардан

Толық

Қарап көріңіз