Өлең, жыр, ақындар

Өсиет

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 369
Әділ бол, адамзат,
Бол ізгі, ақыл ұқ,
Жауыздық саған жат,
Емессің мақұлық.
Мейрімді жаның бар,
Мейрімсіз — жануар.
Бар болса бір ғайып,
Адамнан асылдар,
Ізгілік нұр жайып,
Соған үн қосыңдар.
Абзалдық қасиет —
Біздерге өсиет.
Табиғат — тел-ана,
Шегі жоқ пейлінің,—
Жақсыға, жаманға,
Тең төгер мейрімін,
Ортақ — ай, жұлдыз да,
Момынға, жауызға.
Жел менен сел-тасқын,
Нажағай, нөсер де,
Басынан жартастың
Құйындап көшер де,
Не жатса өріңде,—
Әкетер бәрін де.
Сондай-ақ бақыт та,
Елгезек болады.
Кейде бір уақытта,
Жарқылдап қонады —
Мүбәрәк ұлға да,
Қотыраш сұмға да.
Өмірдің заңы бар,
Темірден ол мықты,
Кешеміз бәріміз,
Бір тағдыр —тірлікті.
Тек қана адамда,
Құдірет қуат бар —
Ашып сыр жаһанға,
Айтар сын, не мақтар —
Түсінер, түйсінер
Мән беріп мәңгілік,
Минутқа сүйсінер.
Тек қана адамзат
Ізгіні жақтайтын,
Сұмдықты даттайтын,
Ақ жолдан тайғанды
Түзейтін, сақтайтын,
Мұратқа баптайтын.
Келешек ұрпаққа
Өшпейтін ғибрат,—
Жасайық бұл шақта,—
Біздерге сол мұрат,
Зор істі жасаған
Адамдай болайық,
Аз істен жақсылық
Жасап бір қалайық.
Әділ бол адамзат,
Бол ізгі, мейрімді,
Жасай бер игілік,
Іске бұр пейіліңді.
Ғазиздей даңқы зор,
Үлгілі болып көр!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Рахатты өкініш

  • 0
  • 0

Бәрінен де жасырған!
Бірін бірімен ұрыстырған!
Тек қана даналардың құпиясына сеніңдер:
Өлімнің от жалынына барып түссе егер,

Толық

Нақыл өлең сөздер

  • 0
  • 0

Шіркеу терезесіндегі әйнектердей,
Өлеңдер бар түрлі-түсті.
Сыртынан қарасақ,
Біз ешнәрсені жөндеп, пайымдап та көрмейміз.

Толық

Періштенің сиынуы

  • 0
  • 0

Тек періштемнің шексіз күшімен,
Жаратып бар тіршілікті,
Періштем ақылды да, күшті де,
Сен емес пе, өмір молшылығы,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар