Өлең, жыр, ақындар

Зұлиха

  • 05.09.2021
  • 0
  • 0
  • 309
Төгемін деп толқын жұпар,
Алқына алған демдеріңе,
Азап шегіп, болып іңкәр,
Жүз гүл солды шөлмегінде.
Саусағыңдай бүгіп тұрған,
Құтыдағы әтір үшін,
Сансыз ғашық болып құрбан,
Сансыз боздақ тартты қысым.
Өмірлері тұрған гүлдеп,
Нелер сабаз толықсып бір,—
Бұлбұл үнін жұтамын деп,
Дәмеленді талықсып құр.
Жоқ, жылама, той жасармыз,
Біз солардың жан-зарынан.
Қырылды ғой жандар сансыз
Ақсақ Темір қанжарынан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өлең және мүсіндеу

  • 0
  • 0

Мейлі грек, қара батпақ балшықтан,
Соға берсін әсем, кербез сымбатты,
Мейлі мәңгі сол мүсінге болып таң,
Төксін лебін жалын атып тым қатты.

Толық

Парабаза

  • 0
  • 0

Көңіл, шіркін, армандап, болып ынтық,
Өтер жылдар тоқтаусыз жылжып.
Сыйлағандай өзгеше бір,
Байқалғанмен көзге айырмасы,

Толық

Жыршы

  • 0
  • 0

«Аула алдындағы естілген қандай дыбыс?
Қорған алдындағы жағымды дауыстағы жан кім болды екен?
Биік ғимаратыма, қорама кіріп,
Ән шырқасын алдымызға келіп кәні!..» – деп,

Толық

Қарап көріңіз