Өлең, жыр, ақындар

Айға

  • 05.09.2021
  • 0
  • 0
  • 401
Сәуле түсті дірілдеп,
Сай-салаға, орманға.
Сейілгендей бір-бірлеп,
Бастағы ой, арман да.
Аласапран шерімді,
Ай әлдилеп жұбатты.
Сол серігім сенімді,
Шың басынан ым қақты.
Өткен күннің дүрмегі,
Кеудемде тұр жаңғырып.
Қайғы, шаттық жүр мені,
Жолда жалғыз қалдырып.
Шула, шула, уа суым!
Оралар ма маған бақ?
Ізсіз менің асуым,
Кетті рахат, махаббат.
Артық еді сын бағам,
Өтті бірақ сол шағым.
Енді ащы, сыбағам,
Өткенді ойлап сорладым.
Жырла суым, гүрілде,
Тыныш дала тербелсін.
Қос шуыңды үніме,
Даусың маған дем берсін.
Кейде күздей түнеріп,
Буырқанып ағасың.
Не көктемдей нұр беріп,
Гүл суарып бағасың.
Бақытты сол, еш кімге
Ойламаған өштікті.
Достарының ішінде
Көңлі соның хош тіпті.
Құйын ойлар жасырар,
Күндіз талай арманды.
Дарқан түнде есіңе ал,
Сол бір ұмыт қалғанды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Теңіздегі тыныштық

  • 0
  • 0

Кеткендей қалғып су беті,
Тұп-тұтас көктің көбесі.
Сұрланған теңіз суретін
Шолады шошып кемеші.

Толық

Өрескел де болса, орынды

  • 0
  • 0

Ия, поэзия неткен қатыгез!
Не затымды, құмарлығымды, шіркін,
жоғалттым?
Бойымда қаным қайнап тұрғанда,

Толық

Мұхаммед айтқан

  • 0
  • 0

Өлгендерге дұшпан жылап-сықтасын,
Енді олардың білем көрден шықпасын.
Мұсылмандар барады тек жаннатқа,
Біз жатпаймыз еңіреп сосын зарлап та.

Толық

Қарап көріңіз