Өлең, жыр, ақындар

Күтпеген көктем

  • 05.09.2021
  • 0
  • 0
  • 453
Туды ма, расымен,
Жарқырап шуақ күн?
Жайнады жасыл кең
Аясы гүл бақтың.
Мынау не, ну айдын —
Егін бе, тоғай ма?
Бұлақтар тулайды,
Асыр сап маңайда.
Көгім де, көлім де,
Күмістей жайнайды.
Қанаты алтындай,
Балықтар ойнайды.
Бұлттармен жарысып,
Құстар да масайрап,
Мәз болып бәрі, ұшып
Ән шырқап жүр сайрап.
Жағада, ну белде,
Мәз болып еркелеп,
Сүңгіді гүлдерге,
Әуесқой көбелек.
Елтисің жұтқанда,
Хош ауа бал исін;
Маужырап ұйықтауға
Рахатпен қалғисың.
Жел шіркін ойнақтап,
Шоқыны тербейді.
Сондай-ақ ой қаптап,
Мені де меңдейді:
Жібектей сөз шырмап,
Кеудемді буады.
Бақытты сонырқап,
Наз жырым туады.
Дел-салмын сол бір шақ,
Ұмытып өзімді.
Жыр-бикеш, жай құшақ
Биледің сезімді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Лили Шенеман қызға

  • 0
  • 0

Көлеңке –
Сағым дала арасынан,
Тау-тау ақшақарлар қаласынан
Сенің нұр жүзің көрініп маған,

Толық

Лили ерекше аң

  • 0
  • 0

Жер бетінде аңдар арасында
Лилидей ерекше аң болған емес!
Қандай сиқыр-арбаумен
Мұнда жабайы аңдар келіп жиылған?

Толық

Қасірет

  • 0
  • 0

Іркілмесін ыстық жас,
Ләззәтпен қысқан кеудемді.
Құпия дерті сарқылмас,
Жаныма рахат дем берді.

Толық

Қарап көріңіз